16:01, 10 Шілде 2017 | GMT +5
Шымкентте патрульдік полиция экипажы жеңіл автокөлікпен соқтығысты
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте патрульдік полиция экипажы жеңіл автокөлікпен соқтығысып қалды. Қатты соққыдан екі көліктің де күл талқаны шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Жол көлік оқиғасы қаладағы Төреқұлов пен Қазыбек би көшелерінің қиылысында болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, тәртіп сақшылары қатты жылдамдықпен келіп, алдында келе жатқан көлікті 30 метр жерге ұшырып жіберген. Абырой болғанда екі жүргізуші де, жолаушылары да аман қалды. Қазір өңірдің ішкі істер қызметкерлері жол оқиғасына кінәлілерді анықтауда. Екі жүргізуші наркологиялық сараптамадан өтіп, екеуінің де ішімдік ұрттамағаны белгілі болды. Десе де орта деңгейде жарақат алу салдарынан, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.