09:36, 26 Қаңтар 2009 | GMT +5
Шымкентте пойыз бен «БМВ» көлігі соқтығысып, оқиға салдарынан екі адам қаза болды
АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат – Бүгін түнде Шымкентте тауарлы пойыз бен «БМВ» көлігінің соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тапты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол-көлік оқиғасы Воровский көшесіндегі теміржол өткелінде (ет комбинатының аумағы) орын алған. Соққы салдарынан жеңіл автокөлік өртенген. Өрт сөндірілгеннен кейін көліктің салонынан екі адамның денесі табылған. Олардың тұлғалары анықталуда. Өртті сөндіруге облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі: 17 адам мен 1 техника жұмылдырылды.