21:05, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Шымкентте салық төлеушілерге арналған аймақтық семинар өтті
ШЫМКЕНТ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының салық төлеушілеріне арналған семинар-кеңес өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Оны ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті ұйымдастырды. Аймақтың кәсіпкерлерімен және қоғамдық ұйымдар өкілдерімен кездесудің басты тақырыбы ? жаңа Салық кодексін түсіндіру болды. Осы жылдың басынан бері еліміздің салық жүйесі жаңа заңмен өмір сүруде. Бұл маңызды құжат барлық мүдделі құрылымдардың қатысуымен әзірленді. Кодексті құрастырушылар экономикалық қызметке қатысушылардың тілектерін барынша ескеруге тырысты. «ол салықтық әкімшілендіру мен салық төлеушілердің мүдделерін тоғыстарған тікелей әрекет ететін заң болып шықты», - деді семинар-кеңесте құттықтау сөз сөйлеген Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Елдана Сәдуақасова.Комитет қызметкерлері өз сөздерінде семинарға қатысушыларға заңдағы негізгі өзгерістер туралы айтып берді. «Бұлардың ішінде корпоративтік табыс салығын бірте-бірте 15 пайызға, қосымша құн салығын 12 пайызға дейін азайту, мүліктік салықтарды реформалау және басқа да көптеген жаңалықтар бар», - деді Салық комитеті төрағасының орынбасары Қанат Байегелов. Салық органдарының міндеті ? жаңа заңнаманың барлық қырларын әрбір кәсіпорын мен ұйымға жеткізу.