Шымкентте сегіз адам газдан уланып қалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  -  Шымкентте сегіз адам газдан уланып қалды. Ауруханаға жеткізілген науқастардың бесеуі - балалар, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

Таңғы бесте облыстық жоғарғы қысымды оттегімен емдеу орталығының токсикология бөлімшесіне газдан уланған әйел хабарласқан. Ол өзінде әлсіздік сезініп, басы айналғанын айтыпты. Сөйтіп үйдегі балаларын да оятқан. Белгілі болғандай Жайлау шағынауданына тұратын жанұяға тағы бір отбасының мүшелері қонаққа келіпті.

«Бізге екі отбасының сегіз адамы түсті. Олардың 5 бала, үшеуі әйел. Төртеуін орташа дәрежеде уланғандықтан ауруханаға жатқыздық. Олар тиісті ем-домын алып жатыр», - деді токсикология бөлімшесінің меңгерушісі Асылхан Мыңбосынов.

Ауруханада қалған науқастар қазір дәрігердің бақылуына алынды. Десе де ақхалаттылар науқастардың жағдайы қалыпты деп бағалауда. Мамандардың алдын ала болжамдары бойынша ыс газ пешінің бұзылуынан шыққан. Қазір оқиға орнында газ қызметінің өкілдері жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 

Соңғы жаңалықтар