13:57, 09 Қаңтар 2009 | GMT +5
Шымкентте судың тарифі 10 пайызға қымбаттады
ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте судың бағасы 10 пайызға қымбаттап отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттіктің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап. Су мен кәріздік қызметтің жаңа тарифі 1 текшеметр үшін - 52,44 теңгені құрап отыр. Оның 38,6 пайызы ? ауызсу үшін, 13,84 пайызы - кәріздік қызмет үшін белгіленген. Су жергілікті департамент пен жеткізілімші «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің арасында өткен жылы қабылданған ортамерзімдік инвестициялық тариф туралы екіжылдық келісімінің негізінде қымбаттаған. Бұл шарт бойынша, су бағасын жыл сайын 10 пайызға көтеру мәселесі көзделген. Және де монополияға қарсы ведомство энерготасымалдағыштар қымбаттады деген сияқты дәйектерді жыл бойына қарастырмайтын болған. Шымкент тұрғындары үшін электр қуатының 1 киловаты- 8,96 теңге, жылу (1 шаршы метр үшін) ? 86,63 теңге, тұрмыстық мақсаттар үшін табиғи газ (1 т/м) ? 16,02 теңге тұрады.