18:15, 17 Шілде 2017 | GMT +5
Шымкентте тоқтап қалған тоқыма фабрикасы жұмысын қайта бастады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте тоқтап қалған «OxyTextile» ЖШС-і тоқыма фабрикасы жұмысын қайта бастады. Серіктестік «Azala Cotton-мен» мүліктік кешенін біріктіріп, «Azala Cotton» ЖШС болып қайта құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

«Azala Cotton» фабрикасын ашу үшін осы жылдың наурыз айында инфрақұрылым жүргізу, құрал жабдықтар мен өндірістік циклді қалпына келтіру шаралары қолға алынды. Қазіргі таңда қондырғыларды іске қосу жұмыстары аяқталды.
Бүгінде аталған кәсіпорында 300-ге жуық адам жұмыс істейді. Кәсіпорын жылына 6 мың тонна кардалық және таралған мақта иірім жіптерін өндіруге қауқарлы. Зауыт өнімдері ТМД мен алыс-жақын шетелдерге экспортталады деп жоспарлануда.
Жалпы, жобаға тартылған инвестицияның көлемі - 5,4 млрд.теңгені құрайды.