Шымкентте «Тұлпар» балалар темір жолы қайта іске қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында Қажымұқан стансасынан Дендросаябақ аралығына дейін жүріп өтетін «Тұлпар» балалар темір жолы локомотиві ашылды.
None
None

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланған. Темір жол локомотивінің ашылуы 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылып отыр әрі жасөспірімдер мен балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатын көздейді.

Балалар темір жолы 1979 жылы сол кезде облыс басшысы болған Асанбай Асқаровтың тікелей басшылығымен салынған еді. Жол ұзындығы 8 шақырымға жуық. Бір нүктеден екінші нүктеге жету, шынайы темір жол нысандарына ұқсас болу жағынан бұл темір жолға Қазақстан бойынша тең келер нысан жоқ.

Биыл балалар темір жолы қайта жаңғыртылып, іске қосылып отыр. Алдағы уақытта семафорларды жаңғырту, жолдың екі жағындағы қорған зонасын тазарту, рельстер мен шпалдарды түгелімен тексеруден өткізіп, жарамсыздарын ауыстыру, жетпей тұрған нысандарды аяқтап салу сияқты атқарылуы тиіс үлкен жұмыстар бар. Айта кету керек, балалар темір жолын қалыпқа келтіріп, пайдалануға беру мәселесімен «Тұрғын үй Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысып отыр.

Соңғы жаңалықтар