Шымкентте жаңадан құрылған Қаратау ауданында прокуратура ашылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жаңадан құрылған Қаратау ауданында прокуратура ашылды.

Шымкентте жаңадан құрылған Қаратау ауданында прокуратура ашылды

Шымкенттің әкімшілік-аумақтық құрылымының өзгеруіне байланысты Қаратау аудандық прокуратурасы құрылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Кәрім Әділ Әбдіқадыр оның басшысы болып тағайындалды. Ол 1984 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін және Ломоносов атындағы ММУ магистратурасын бітірген.

Прокуратура органдарында 2004 жылдан бастап Орал көлік прокурорының көмекшісі болып еңбек жолын бастады, Орал қаласы прокурорының көмекшісі болды. Соңғы жұмыс орны - Алматының Алмалы ауданы прокурорының орынбасары.