Шымкентте жанармай құятын стансада болған өрттің себебі мен келтірілген зиян анықталып жатыр

ШЫМКЕНТ. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - /Татьяна Пылаева/ - Шымкент қаласының «Бибо» жанармай құятын стансасында өрт болды.

Шымкентте жанармай құятын стансада болған өрттің себебі мен келтірілген зиян анықталып жатыр

ТЖД  баспасөз хатшысы Арман Әсібековтың хабарлауынша, оператордан жану туралы хабарлама 21 қаңтарда келіп түсті.

 Оқиға орнына өрке қарсы қызметтің 83 қызметкері, 7 негізгі техника бірлігі, 2 арнайы және 1 жәрдемші техникасы шықты. «Келген кезде жалпы аумағы 160 шаршы метрді алған «Бибо» көлікке жанармай құю орнында мұнай өнімдерін тасымалдайтын «КамАЗ» және «ЗИЛ» маркалы екі көлікті жалын шарпи бастаған», - деді баспасөз хатшысы.

 Өрт салдарынан «Бибо» ЖШС-нің иелігіндегі «ЗИЛ-130» маркалы көлік толық жанып кетті, жеке тұлғаның «КамАЗ» көлігі жарым-жартылай зақымдалды, сондай-ақ май құятын колонкалар қаптауларының пластмассалық бөлшектері балқып кетті. «Оттың мұнай өнімдерінің сұйық қоймаларына тарауына жол берілмеді», - атап өтті А.Әсібеков.

 Оның мәліметтерінше, өрт 20 минуттан кейін ауыздықталып, 29 минуттан кейін толық өшірілді. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖБ-ның құтқару жасағы мен тергеу қызметкерлері, электр желілері, газ, полиция, жедел медициналық қызметкерлер келді. Қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі мен одан келтірілген зиян анықталу үстінде.