Шымкентте жұрттың су есептейтін қондырғыларын ұрлап келген екі жігіт қолға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында Қаратау полиция бөлімінің қызметкерлері жұрттың су есептейтін қондырғыларын ұрлап, 2 миллион теңгеден астам шығын келтірген екі күдікті жас азаматты құрықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте жұрттың су есептейтін қондырғыларын ұрлап келген екі жігіт қолға түсті

null
Өткен жылдың қыркүйек айында Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ-ге «Қайнар-бұлақ» саяжайының тұрғындары өздерінің су есептейтін қондырғыларын белгісіз біреулер ұрлап кеткені жайында  бірнеше рет арызданған. Аталған қылмысты ашу мақсатында Қаратау полиция бөлімінің кәсіби қызметкерлірен жедел-тергеу тобы құрылған болатын.

null  

Жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде 1994 және 1995 жылы туған Төлеби ауданының екі тұрғыны құрықталды. Олар - жұмыссыз, кінәсін толық мойындаған.

Қазіргі таңда, тергеу анықтағандай, олар 500-ге тарта су есептейтін қондырғыны  ұрлап, 2 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Күдіктілер барлық ұрлықтарын бір жүйемен іске асырып отырған. Жас азаматтардың бірі бұрын су есептейтін қондырғыларды орналастырып берумен айналысқан, көшеде орналасқан су есептейтін қондырғылар тұратын қорапты бұзып, арам пиғылдарын іске асырып жүрген. Қала базарларында ұрланған затты арзан бағада сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жаратып отырған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте су есептегіш қондырғылар жоғалып жатқаны жайлы хабарлаған болатынбыз . 

null  

                                                                                                                                                                                         Әлия Бостан