Шымкенттегі №4 балалар үйінің маңы жарықтандырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңір басшысы Б.Атамқұловтың тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласындағы №4 балалар үйіне жарықтандыруға арналған 12 дана бағана орнатылды. Бұл қолайсыздық қайырымды демеушілер есебінен шешіліп отыр.
None
None

Жұмыстарды ұйымдастырған облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналды шаруашылық басқармасы болып табылады. 

Айта кету керек, нысанның аумағында орналасқан 5 жарықтандыру бағандары ескірген және жарамсыз болатын. Ол қараңғы түскенде балалар үйі аумағында жүру, яғни асханаға, мектепке, спорт кешеніне және т.б. қажеттіліктеріне барып келуге қолайсыздық тудыратын еді. 

Балалар үйінің аумағы 4,5 га жерді қамтиді. Қазіргі таңда онда 95 бала тәрбиеленуде. Балалар үйінің аумағында жатын ғимараты, спорт кешені, мектеп, асхана, монша, кір жуатын және от жағу ғимараттары орналасқан, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар