Шымкенттегі прокуратура кеңсесінде ер адам өзін-өзі өртемек болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі прокуратура кеңсесіне келген ер адам өзін-өзі өртемек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін таңертең болды. Қала прокуратурасының фронт офисіне келген 15-ке жуық адам, Еңбекші ауданының полиция басқармасымен тергелген қылмыстық іс бойынша қабылданған шешіммен келіспейтінін айтқан. Сондай-ақ, қала прокурорының жеке қабылдауын талап еткен.

Шымкент қаласы прокуратурасының кезекші прокуроры түсіндіру жұмыстарын жүргізуі кезінде ер адамның бірі үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеуге оқталған.

Прокуратура қызметкерлері тез арада әрекет етіп, оны тоқтатты.

Ал, бір әйел адам өзін нашар сезінгендіктен, жедел жәрдем бригадасы шақыртылып, медициналық көмек көрсетілді.

«Аталған дерек әл-Фараби АПБ-ның АЕК-на тіркеліп, қазіргі таңда тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Текеру нәтижесіне қарай аталған азаматтардың әрекеттеріне заңды баға берілетін болады», - делінген Шымкент қаласының прокуратурасы таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар