Шымкенттік автобус жүргізушілері 7 күнде 700-ге тарта жол ережесін бұзған

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте «Автобус» іс-шарасы барысында 700-ге жуық құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Шымкентте Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қоғамдық көліктердегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттарының алдын алу жұмыстарды күшейтті. Мегаполисте жеті тәулік ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері жасалған 700-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталды.

«Атап айтқанда, жолаушыларды, багажды және заттарды тасымалдау ережесін бұзған – 21, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 26, рейс алдындағы техникалық және медициналық қарап тексеруден өтпеген – 10, техникалық байқаудан өтпеген – 64, ұялы телефон пайдаланған – 136, маневр жасау қағидаларын бұзған – 52, қарсы жүріп өту қағидаларын бұзған – 3, Міндетті сақтандыру туралы заңнаманы бұзған – 2, шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кеткен – 15, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салудың 1 дерегі бойынша хаттамалар толтырылды. Аудандық Полиция басқармалары белгіленбеген жерден өткен 600-ден аса жүргізушіні анықтады», - деп хабарлады қалалық полиция басқармасынан.



Соңғы жаңалықтар