Шымкенттік бүлдіршіндер саябақ алаңын сурет көрмесіне айналдырды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында балалар 400 шаршы метр саябақ алаңын сурет көрмесіне айналдырды.
None
None

Балалар мерекесі орталық саябақта ұйымдастырылды. Шымкенттің барлық мектептерінен жиналған оқушылар аяқжол плитасын бірегей сурет көрмесіне айналдырды. Балалар бақытты балалық шақты өз қиялдарымен бейнелеп жеткізуге тырысып бақты. Бірі көңілді отбасын салса, басқа біреулер әсем гүл шоқтарын салды. Кейбір бүлдіршіндер тіпті сүйіп жейтін балмұздағын балалықтың нышаны етіп бейнелеуге тырысқан.

«Мен бақытты балаларды салдым, ешқашан соғыс болмай, қызықты балалық шағымызды алаңсыз ата-аналарымызбен бірге өткізгіміз келеді», - деді мерекеге қатысқан Анна Тихомирова. Бұл жерде кішкентай суретшілермен бірге қолданбалы өнер көрмесі де ұйымдастырылды. Жас қолөнер шеберлері ағаштан, інжу моншақтан жасалған заттарын, газеттен жасалған себет және басқа да бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Мерекені тамашалуға келген қонақтарға Шымкент спортшылары гимнастика, каратэ және т.б. спорт түрлері бойынша көрсетілім ұйымдастырды. Шара жасөспірімдер мен балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатын көздейді.

Шарада қалалық әкімдік ерекше сыйлық тарту етті. Барлық жас қатысушылар мен балғын қонақтарға балмұздақ пен печеньелер таратылды.

Соңғы жаңалықтар