Шымкенттік дәрігерлер халықаралық жарыстан жүлдемен оралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қалалық жедел жәрдем стансасының дәрігерлері халықаралық жарыстан жүлдемен оралды, деп хабарлайды 24.kz.

Шымкенттік дәрігерлер халықаралық жарыстан жүлдемен оралды

Жалпыкомандалық есеп бойынша екінші орынды жеңіп қайтқан жерлестеріміз Литва Республикасында өткен медициналық жарысқа қатысқан еді. Соған Қазақстаннан үш бригада барыпты. Жарыс басталмас бұрын шымкенттік дәрігерлер «Каунас» клиникасының жедел бөлім және желілік бригада жұмысымен, ондағы науқастарды қабылдау бөлімінің жұмысымен танысқан.

Алған тәжірибелерін олар қазір әріптестеріне үйретіп жатыр. Қазақ елінен барған бригада жедел кораналдық синдром кезінде, қан айналымы бұзылғанда реанимациялық көмек көрсету жағынан топ жарған.