Шымкенттік кәсіпорын айына 45 мың шұлық шығара алады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік кәсіпорын айына әйелдерге арналған 45 мың шұлық шығара алады.
None
None

"ПК "Inspiration" әйелдер шұлықтарын итальялық және германиялық қондырғылардың көмегімен шығарады. Кәсіпорын мамандарының сөзіне қарағанда, ол шұлықтың түр-түрін шығара алады. Мәселен, мұнда алуан түсті 10 шұлық түрін дайындайды. Олардың үстіне түрлі суреттерді де тоқуға болады. Модельді италиялық дизайнерлер әзірлейді. "Барлық үрдіс компьютерлендірілген. Эскиз бойынша бағдарламаны енгіземіз, ары қарай шаруаны техника атқарады", - деді өндіріс технологі Бушини Мауро.

Кәсіпорын әзірге еуропалық шикізатты пайдаланады. Шұлықтар беріктігімен ерекшеленеді дейді. Қорытынды тексерісті нәзік жандылар жүргізеді.

Қазір шымкенттік шұлықтар отандық дүкендерде сатылады. Алайда зауыт басшылығы шетел нарығына шығуды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар