Шымкенттік оқушылардың инновациялық жобалары ЭКСПО-да таныстырылады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік оқушылар өздерінің инновациялық жобаларын «Білім беру: бүгіні және ертеңі» атты көрмесінде таныстырды.
None
None

Айжан Мамытова есімді 11-сынып оқушысы энергиямен қамтамасыз ету бойынша технологиялармен жұмыс жасайды. Ол кәсіпорындарда қолдануға болатын жаңа энергия көздерін іздестіруде. «Турбиналар шырақтардың жаңғандығынан қозғалады. Ол өте жеңіл және көп қозғалысқа түседі. Осының нәтижесінде жаңа энергияны алуға болады», - деп түсіндірді ол жұмысын.

Келесі жоба - кеміргіштерге қарсы күрес үшін пайдалы. Әпкелі-сіңлілі Алиса мен Адина кішкене жәндіктерді зерттей келе, оларды паразиттермен күрес үшін пайдалануға болатынын анықтаған. Бір айта кетерлігі, бұл екеуі - 3-сынып оқушылары.

Көрмеге қатысқан 120 еңбектің ішінен осы екі жоба таңдалып алынды, деп мәлімдеді қалалық білім басқармасынан. Оларды ұстаздары ЭКСПО көрмесінде таныстырмақ.

Соңғы жаңалықтар