18:41, 18 Ақпан 2016 | GMT +5
Шымкенттік палуан джиу-джитсуден әлем чемпионатына жолдама ұтып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде өткен джиу-джитсу бойынша Қазақстан чемпионатынан шымкенттік спортшылар бір алтын және үш қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады sports.kz.

Жарысқа республиканың тоғыз облысынан 100 палуан қатысты. Оңтүстікқазақстандық Қайнар Ізбасаров 85 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынға ие болып, Мадридте өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.
«Шымкентте джиу-джитсу жаңа ғана кең тарап келеді. Дегенмен спорттың бұл түрінен жақсы нәтижелеріміз бар. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Спортшыларымыздың өнеріне көңілім толды», - деді бапкер Мұхтар Мамбетов.