Шымкенттік полицейлер қоғамдық тәртіпті қадағалауда бейнежетонды пайдаланбақ

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жергілікті полиция қызметінің сақшылары бейнежетонмен жүретін болды. Бұл туралы қалалық Жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Данияр Мейрхан тұрғындарды жол ережесін бұзбауға шақырып, заңбұзушылық орын алған жағдайда бәрі бейнетүсірілімге үзіліссіз түсірілім жасалатынын ескертті.

«Полицейлердің бейнежетондары енді үздіксіз түсіретін болады. Қызметкерлеріміз бұрын қуаттағышты үнемдеп, оны өшіріп қоятын. Қазір қосымша қуаттау құралдарының сатып алынғанына қуанып отырмын, енді ЖПП қызметкерлері барлық ауысымда бақылауда болады. Айтпақшы, Сіздерге кеңесім: егер сізді ЖҚЕ бұзғаныңыз үшін тоқтатқан болса, «досыңызға қоңырау» соғып, келісуге тырыспаңыз. Жаңа құрылғылар дауысты өте сапалы жазып алады», деп жазды Данияр Мейірхан.

null  

Қалалық Жергілікті полиция қызметінің басшысы сондай-ақ бейнежетондарды қуаттағышы әрбір қызметкердің кезекшілік уақытына жететінін айтып өтті. Бүгінде қуаттағышты жеткізе алмаған қызметкерлер жұмыстан босатылып жатқанынан да хабардар етті.

null 

«Видео барлық уақытты жазып алады. Қазір он қызметкер осы үшін кетіп жатыр» деді Данияр Мейрхан.

Соңғы жаңалықтар