Шымкенттік полицейлерге қылмыспен күресте 154 тұрғын көмек көрсетеді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 154 тұрғын полицейлердің көмекшілігіне қабылданды. Бірнеше іріктеуден өткен азаматтар енді қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге атсалысатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Облыс прокуратурасының бастамасымен қолға алынған «Шымкент - қауіпсіз қала» жобасы аясында жұмыссыз жүрген азаматтар осылайша уақытша жұмыспен қамтылды. Жаңадан құрылған жасақ құзырлы орган қызметкерлерімен бірлесіп, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізетін болады. Себебі, бұдан былай өңірде ұсақ-түйек құқық бұзушылыққа төзімсіздік таныту принципі мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.
null 

Көмекшілер қатарына 18-ден зейнет жасына дейінгі азаматтар тартылған. Оларға арнайы қызметтік киім беріліп, ай сайын 40 мың теңге көлемінде жалақы төлленетін болады.

«Бүгінгі таңда 154 азамат алты ай мерзімге жұмысқа тұрып, полицияға көмектесіп жатыр. Жалпы ақпан айының соңына дейін олардың қатарын 200 адамға жеткізу жоспарланған. Полиция көмекшілері тәртіп сақшыларымен бірге халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қылмыстың алдын алуға атсалысады»,- дейді облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Талғат Монтаев.
null 


Еске салайық, шаһардың қылмыс деңгейі жылдан жылға өсіп бара жатқан соң прокурорлар «Шымкент - қауіпсіз қала» жобасын дайындап, оны жүзеге асыруға барлық құзырлы органдар тартылған болатын. Жоба аясында тәртіп сақшыларының қатарын толықтыру үшін көмекшілер тарту жөнінде шешім қабылданған. Жұмыс барысында өзін жақсы қырынан көрсеткен, заңгерлік жоғары білімі бар көмекшіні болашақта полиция қатарына жұмысқа алу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар