Шымкенттік тасымалдаушылар жолақы бағасын көтермек

ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкенттік жолаушы тасымалдаушылар қалалық көліктің жолақысын көтермек. Тасымалдаушылар қалалық өкіметке осы мәселемен шығып отыр.
None
None

Тасымалдаушылар, бүгінгі жолкіре бағасының табыс әкелмек түгілі, компанияларды банкроттыққа ұшыратып отырғанын алға тартуда.

«Көптеген бағдарлар жабылып қалуда. Компаниялар банкроттықтың алдында тұр, көбісі 18-20 пайыз үстемемен несие алған», - дейді «Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы Дархан Қаюпов.

Қалалық көліктің тағы үштен бірі сынып, жолға шыға алмай тұр. Оларды қайта-қайта жөндеуді тасымалдаушылардың қалталары көтермей барады. «Қыркүйектің 1-інен бастап жанар-жағармай бағасы тағы өсті, егер бұрын литрі 66 теңге болса, қазір 71 теңге. Және мұнымен де шектелмейтін сыңайлы. Отын бағасының ізін ала, қосалқы бөлшектер де қымбаттады», дейді «Сұңқар» ЖШС көлік компаниясының директоры Онарбек Атарбаев.

Шымкентте жолақы қазір: автобуста - 35 теңге, бағдарлық таксиде - 40 теңге тұрады. Тасымалдаушылар, егер жолкіре бұрынғы деңгейде қала берсе, жақын арада қалада қоғамдық көліктің жетіспеушілігі орын алады деп отыр. Осы проблеманың түйінін шешу үшін, тасымалдаушылар жергілікті бюджетке шығынның бір бөлігін өз мойнына алуды немесе жолақыны 45-50 теңгеге көтеруді ұсынуда.

Соңғы жаңалықтар