Шымкенттің 2010 жылғы бюджеті бекітілді

Бұл 37 миллиард теңгені құраған ағымдағы жылдың бюджетінен екі есеге аз, деп хабарлады мәслихат кеңсесінен.
Облыс өкіметі қалаға 500 миллион теңгеден астам соманың трансферттерін бөлді. Бұл Шымкенттің өз кірісі аясындағы қаланың барлық дерлік бюджетін құрап отыр.
«Облыстық мәслихат бекіткенімен, істің мұндай жағдайымен біз келіспейміз. Менің ойымша, бұл мәселені біз алдағы уақытта шешетін боламыз, біз бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру үшін қосымша мүмкіндіктерді іздестіреміз», деді сессияда мәслихат депутаты Нұркөз Жаңабаев.
Осылайша, Оңтүстік Қазақстан облысының өкіметі өз бюджетінің кіріс бөлігін арттыру үшін қаланың белсенділігін көтермек, деп түсіндірді облыстық әкімдіктегілер. Ағымдағы жылы аймақтың өз кіріс сомасы 17 миллиард теңгеден астамды құрады. Келер жылғы кіріс те осы шамада болады деп жоспарлануда.
Облыстың келер жылға бюджеті, қалалар мен аудандардың өз бюджеттерін ескерусіз, 159,5 миллиард теңге көлемінде қабылданып отыр. Оның 146,7 миллиард теңгеден астамын республикалық бюджеттің трансферттері құрайды.