21:40, 28 Наурыз 2015 | GMT +5
Шымкенттің 6 шағын ауданында биыл сумен қамту жүйесін салу жоспарланған
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің 6 шағын ауданында биыл сумен қамту жүйесін салу жоспарланған.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, облыстық бюджеттен аталған бағытқа 1618,3 млн. теңге қарастырылған. Биыл екі су таратқыштың құрылысын аяқтау межеленген. Олардың құрылысы өткен жылы тағы екі су таратқыш нысан құрылысымен бірге басталған еді. Алайда мердігерлер барлық жұмысты аяқтай алмады. Сондықтан нысанның ашылуы 2015 жылға қалдырылған.
Өткен жылы сумен қамту бойынша 8 жобаны жүзеге асыру үшін 2 109,9 млн. теңге бөлінген. Нәтижесінде 20 мыңға жуық адам ауыз сумен қамтылды.