Шымкенттің барлық автобустарына GPS-қондырғылар орнатылады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 2015 жылдың қаңтар айынан бастап, Шымкенттің барлық автобустарына GPS-қондырғылар орнатылатын болады. Бұл туралы көлік және автомобиль жолдары бөлімі бастығының орынбасары Жарқын Байдуллаев айтты.
None
None

Оның айтуынша, қазірде GPS-қондырғылар тек 750 автобуста ғана орнатылған.

Әкімдіктегілер GPS-қондырғыларды орнату арқылы қоғамдық көліктерде тәртіп орнайтындығына үміттенеді. Әзірге тексеріс барысында қоғамдық көлік жүргізушілері көптеген талаптарды бұзуда, ең бастысы - жұмыс кестесі бұзылуда. Осының салдарынан аялдамада халық көп жиналып қалады, ал жүргізушілер болса жол үстінде жарысады.

Жарқын Байдуллаевтың айтуына қарағанда, осы жылы көлік компанияларының үстінен 285 хаттама толтырылған. Оның 61-і экологиялық нормаларды бұзғаны үшін, 139-ы жүргізушілердің жұмыс киімінің болмауынан. Жүргізушілер 67 рет қозғалыс кестесін бұзған, сондай-ақ 18 хаттама GPS-қондырғылар болмауы себебінен толтырылған.

Көлік және автомобиль жолдары бөлімінің хабарлауынша, шілде айында 12 көлік компаниясына маршруттық кестені бұзғаны үшін 231 440 мың теңге айыппұл салынған. Ал қыркүйек айында бұл сан едәуір өскен. Кестені бұзған 19 компанияға 740 800 теңге айыппұл салынған.

Соңғы жаңалықтар