Шымкенттің екі ауданында 900-ге жуық нысан заңдастырылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің екі ауданында 900-ге жуық нысан заңдастырылды.

Шымкенттің екі ауданында 900-ге жуық нысан заңдастырылды

Мүлікті заңдастыру жұмыстары жайлы Шымкенттің Абай және Еңбекші аудандарының әкімдері есеп берді, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен. Осылайша, биыл ОҚО Абай ауданының тұрғындарынан 1 млрд. 294 млн. теңгенің 107 өтініші келіп түсті. Оның жартысы заңдастырылды. Мүлікті жария ету науқаны басталғалы ауданда құны 8 млрд. 400 млн. теңгеден астам қаржыны құрайтын 602 мүлік заңдастырылған.

Шымкенттегі Еңбекші ауданында биыл 45 өтініш түскен. Оның жартысы қолдауға ие болды. Сомасы 146 млн. теңге. Акция басталғалы тұрғындардан құны 5 млрд. 111 млн. теңгеден астам 385 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 290 мүлік жария етілді. Қалада заңдастыру акциясы қызу жүргізілуде. Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық билбордтар орнатылып жатыр.