Шыңға өрмелеушілер 910 метрлік тауға қолымен шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шыңға өрмелеу спортында ерекше қалдыратын жетістік орнатылды. Шыңға өрмелеуші екі спортшы АҚШ-тың 910 метрлік Эль-Капитан тауына көмекші құралдардың көмегінсіз шықты, деп хабарлайды National Geographic Russia.
None
None

Эль-Капитан гранитті шыңы Американың Калифорния штатындағы Йосемити ұлттық саябағында орналасқан. Бұл Солтүстік Америкадағы таулы монолит шыңдардың бірі болып табылады.

Оның шыңына алғаш рет 1958 жылы Уоррен Хардинг, Уэйн Мерри және Джордж Уитмор 40 күннен астам уақыт ішінде көтерілген. Бұл шыңнан бейсджампингтің негізін қалаушы Карл Бениш өзінің алғашқы секірулерін жасаған.

Эль-Капитанға жақында жасалған көтерілу тарихи оқиға болып табылады. Ол 2014 жылдың 27 желтоқсанында басталып, 19 күнге созылды. Осы уақыттың ішінде Томми Кэлдуэлл (Tommy Caldwell) мен Кевин Йоргесон (Kevin Jorgeson) жерге түспей, құздағы аспалы платформада тұрған. Жартасқа шығушылар көтерілу үшін аяқ-қолдарын ғана пайдаланған.

Жартасқа көтерілуге дайындыққа (бірінші кезекте, оған ілгектер мен басқа да көмекші құралдарды пайдаланусыз шығу техникасын меңгеру) Кэлдуэлл мен Йоргесон 7 жыл уақытын жұмсады. Олай болғанымен, бұл техниканың машақаты көп, спортшыларға саусақтарындағы жараларды үнемі емдеуге тура келеді. Есесіне енді Эль-Капитанда күрделілігі 9а деп аталған әлемдегі алғашқы үлкен шың бағдары жасалды. Ол Dawn Wall атауына ие болды.

36 жастағы Кэлдуэлл - әлемдегі ең танымал және «жүректі» шыңға өрмелеушілердің бірі. Тауға алғаш рет әкесімен бірге 3 жасында көтерілген. Ол көптеген шыңдарды бағындырған, Эль-Капитанда да талай рет болған - бірақ бұған дейін оған дәстүрлі құралдардың көмегімен шығып келген.

Соңғы жаңалықтар