Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шыңғырлау ауданында бюджет арқылы салынған тұрғын үй көлемі 965 пайызға өсті - БҚО

ОРАЛ. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Шыңғырлау ауданында өткен жылы бюджет арқылы 1712,16 шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл 2011 жылғыдан (177,4 шаршы метр) 965 пайызға артық.

Шыңғырлау ауданында бюджет арқылы салынған тұрғын үй көлемі 965 пайызға өсті - БҚО

Аудан әкімі Алдияр Халеловтің айтуынша, республикалық бюджеттен бөлінген 20,47 млн. теңгеге «Мансур» ЖШС 2 қоспәтерлік коммуналдық тұрғын үйді пайдалануға берді. Сондай-ақ ел қазынасынан 10 екі пәтерлік тұрғын үй құрылысына 110,482 млн. теңге бөлініп, әрқайсысы 71,34 шаршы метр тұрғын үй құрылысын «AIBAS COMPANY» ЖШС жүргізді. Бұл жаңа үйлер халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарына жататын 8 адамға, сондай-ақ түрлі қызметкерлерге берілді.

Сонымен қатар 5 екі пәтерлік және 4 бір пәтерлік тұрғын үйлердің құрылысын бастау үшін 635 мың теңгеге «AIBAS COMPANY» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 78,935 млн. теңгені құрады. Осы жылға қаражатты қарау үшін облыстық құрылыс басқармасына өтінім жіберілді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес республикалық бюджеттің 108,717 млн. теңгесіне 20 екі қабатты тұрғын үйді жөндеу жұмыстары уақтылы аяқталды. 8 қос қабатты үйлердің аулалары қоршалды. 10 млн. теңгеге аудан орталығындағы Сырым Датұлы көшесінде тұрғын үйлер салуға берілген жер теліміне инженерлік желілер тартылды.