19:08, 22 Қаңтар 2009 | GMT +5
Шыңғырлауда күрделі жөндеуден кейін теміржол вокзалы пайдалануға берілді
ОРАЛ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Шыңғырлау ауылында күрделі жөндеуден кейін 1936 жылы ірге көтерген теміржол вокзалы қайта пайдалануға берілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы мақсатқа 18 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмысын «Жилстройсервис» ЖШС мерзімінен бұрын орындап шықты. Вокзалда жылы да жарық күту залы, ана мен балаға арналған бөлме, теміржол кассасы бар.
Облыстың шығыс қақпасы іспеттес Шыңғырлау стансасынан өтетін жолаушылардың құжатын рәсімдейтін шекара қызметі мен полиция бөлмесі де осында орналасқан.