Шыңғырлауда сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасағаны үшін қос бірдей қызметкер жұмысынан босады

ОРАЛ. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Шыңғырлау ауданы прокуратурасы аудандық экономика және қаржы бөлімінде өрескел заңбұзушылықтарды анықтады.
None
None

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, тәртіптік жазалары болғанына қарамастан, бөлім бастығының бұйрығымен бас маман Д.Ерболоваға 99106 теңге, бөлім бастығының орынбасары Е.Тұрмағамбетовке 107626 теңге заңсыз сыйақы төленген. Прокурор наразылығына сәйкес заңсыз бұйрықтың күші жойылып, 206732 теңге кері қайтарылды. Бұған қоса 2012-2013 жылдары 680 мың теңгенің қосымшаақы және сыйақы түрінде заңсыз төленгені анықталды.

Осы заңбұзушылықтарға жол берген бөлім бастығы С.Хамиев және бас маман В.Лысенко БҚО-дағы тәртіптік кеңестің ұсынысымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» ҚР заңы 12-бабы 4-тармағы 1-тармақшасына сәйкес қызметтерінен қуылды.

Соңғы жаңалықтар