Шынжаңда табиғаттың тосын мінезі салдарынан 2 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді
БЕЙЖІҢ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Өткен демалыс күндері Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде дауылды желдің және толассыз жауған нөсердің салдарынан қауіпті аумақтан 2380 адам көшірілді.
Табиғаттың тосын мінезінен 10 мыңнан астам мал қырылды. Жергілікті өкіметтің дерегі бойынша, адам құрбандықтары туралы ақпарат жоқ.