Си Цзиньпин: ШЫҰ аясында цифрлық білім қауымдастығын құру керек

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин «ШЫҰ+» кездесуінде ШЫҰ аясында цифрлық білім қауымдастығын құруды ұсынды.

си
Фото: Ақорда

«Біз Beidou навигациялық жүйесінің қолданысын кеңейтіп, халықаралық ай стансасын құру жобасына қатысуды құптаймыз. Цифрлық білім беру саласында ШЫҰ қауымдастығын құрудың, соның аясында цифрлық технология мамандарын дайындау үшін алдағы үш жылда мыңнан кем түспейтін квота бөлуді ұсынамыз», — деді Си Цзиньпин. 

Сондай-ақ, ол ШЫҰ аясында өңірлік ынтымақтастықты ілгерілетудің басым бағыттарын атады.

«Бұл бағытта ауыл шаруашылығы технологияларын дамытып, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту маңызды. Сондай-ақ, экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту қажет. Ұлттық валютаның есеп айырысудағы үлесін көбейтіп, ШЫҰ аясында қаржыландыру алаңын құру бағытында белсенді жұмыс жүргізу керек», — деді Қытай басшысы.

 

Соңғы жаңалықтар