Си Цзиньпин АҚШ-пен «сауда соғысы» аясында одақтастарымен қарым-қатынасты нығайтып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 14-15 сәуірде Вьетнамға барды. Бұл Қытай Көшбасшысы үшін биылғы алғашқы сапар, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Ханойда Си Цзиньпин бірқатар кездесулер өткізіп, онда көп мәселе қамтылды.
Нақтырақ айтқанда, ол Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламмен, Вьетнам Социалистік Республикасының президенті (ВСР) Лыонг Кыонгпен, ВСР премьер-министрі және Ұлттық жиналыс мүшесі (парламент) Фам Минь Чинмен және Чан Тхань Манмен кездесті.
Ханойдағы келіссөздерден соң Қытай мен Вьетнам көшбасшылары байланыс, жасанды интеллекті, ауыл шаруашылығы өнімдері мен сауда сияқты өзге де бірқатар салаларды қамтитын, тараптар қол қойған екіжақты ынтымақтастық жөніндегі 45 құжатпен танысты.
Тараптар барлық саланы қамтитын стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету туралы бірлескен мәлімдеме жасады.
ҚХР Төрағасы Вьетнам басшысымен келіссөздер барысында қытай-вьетнам қатынастарын нығайтуға бағытталған бірқатар шара ұсынды.
Олардың арасында стандартты аралықтағы теміржолдарды, автомагистарльдар мен интеллектуалдық айлақтарды кешенді біріктіру, жасанды интеллект пен интернет заттар, жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту шаралары бар.
Си Цзиньпин сонымен қатар тараптарды еркін сауда мен өндіріс пен онімді өткізудің жаһандық тізбегін қорғауға шақырды.
Вьетнам премьер-министрі Фам Минь Чинмен кездесу барысында Қытай басшысы екі елді инфрақұрылымдық құрылыс бағытындағы ынтымақтастықты үздіксіз дамыта отырып, өзара байланыс деңгейін арттыруға шақырды.
Вьетнам президенті Лыонг Кыонгпен кездесуінде Қытай тарапы екі ел өкілдерін де унилатерализм мен күш саясатына бірлесіп, қарсы тұруға шақырды.
- Сауда соғысы халықаралық сауда жүйесіне, жаһандық экономикалық тәртіп пен әлемнің барлық елдерінің, әсіресе дамушы елдердің заңды мүдделеріне нұқсан келтіреді,- деп келтіреді Си Цзинпиньнің сөзін Синьхуа.
Си Цзинпинь өзінің Вьетнамға сапарын қысқа болса да нәтижелі болды деп есептейтінін айтты.