Сібір тұрғыны мысық пен итке арналған төлқұжатпен жылан мен қолтырауынды Қазақстанға алып өтпекші болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шекарашылар Россельхознадзор мамандарымен бірлесіп Ресей мен Қазақстан шекарасындағы Алтай өлкесінде жануарларға мысық пен итке арналған төлқұжатты көрсетіп, жылан мен қолтырауынды көрші елге алып өтпекші болған Сібір тұрғынын ұстады, деп хабарлады РИА Новости.

Сібір тұрғыны мысық пен итке арналған төлқұжатпен жылан мен қолтырауынды Қазақстанға алып өтпекші болған

«РФ азаматы Омбыдан Қазақстанға бирман питоны мен нілдік қолтырауынды алып өтпек болған. Ол жануарларды «корпоративтік кештерге аттракциондар үшін» апармақшы ниетте екен», - делінген хабарламада.

Кеден одағы комиссиясының талаптарына сәйкес бауырымен жорғалаушыларды ҚР-ға әкелуге рұқсат жоқ. Заң бұзушыға қатысты РФ ӘҚтК-ге сәйкес жауапкершілікті көздейтін әкімшілік ықпал шаралары қабылданды, - делінген хабарламада.