Сібірде метеорит құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Сібірде кішірек метеорит құлап келе жатқанда жанып кеткен, деп хабарлаған «Интерфакске» зымыран-ғарыш саласындағы дереккөз.
None
None

«Шағын көлемдегі ғарыштық денелер атмосфераның қалың қабатына түсіп, сол жерде жанып кеткен. Сібір өңірлерінде, соның ішінде Красноярск өлке мен Хакасияда оқиға аспанның жарқ етуімен көрініс тапқан», - деді дереккөз.

Ол астероидтардың жерге жетпей толықтай жанып кеткенін атап өтті.

«Метеорит ешқандай нысандарға зиянын тигізген жоқ. Жергілікті тұрғындар оның ешқандай салдарын сезінбеген», - дейді дереккөз. 

Соңғы жаңалықтар