Сицилиялық монах әйел «Италия дауысы» байқауында жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сицилиялық монах әйел Кристина Скуччия «Италия» дауысы» ән байқауында бірінші орынды иеленді. Монах әйел сахнаға дәстүрлі кресі бар киіммен шығып, Құдайға жеңісі үшін алғыс білдірді, деп хабарлады Би-Би-Си. 25 жастағы Скуччияның сөзіне қарағанда, ол байқауға Рим папасы Францисканың шіркеу мен халықты жақындату тілегін орындау үшін келген.

Сицилиялық монах әйел «Италия дауысы» байқауында жеңіске жетті

Алиса Кистің No One әнін орындаған монах әйел YouTube-тың видеохостингінде 50 млн.-нан артық қаралып, танымал болды.

Кристина өзінің вокалдық орындаудағы бағын сынау үшін наурыз айында келген.

Байқау талаптары бойынша, төрешілер өз үміткерлерін теріс қарап отырып тыңдайды. Әннің бірінші шумағы орындалып бітісімен-ақ оның дауысына таңғалған төрешілер оны қолдайтынын білдіретін тетікті басқан.