13:05, 16 Қаңтар 2015 | GMT +5
Сиднейдегі теннистен халықаралық турнирде М.Кукушкин финалға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның Сидней қаласында өтіп жатқан теннистен халықаралық турнирде қазақстандық Михаил Кукушкин финалға шықты.
Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, М.Кукушкин жартылай финалда әлемнің 28-інші ракеткасы, аргентиналық Леонардо Майерді 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Енді қазақстандық теннисші финалда Люксембург елінің өкілі Жиль Мюллер немесе сербиялық Виктор Троицкидің бірімен чемпиондық атақ үшін таласады.
Айта кетейік, Сидней турнирінің жүлде қоры - 494,310 мың АҚШ доллары.