Сиыр еті экспортына қойылған шектеу жеңілдеуі мүмкін — министр

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2025 жылдың 31 желтоқсанынан бастап енгізілген сиыр еті экспортына қойылған шектеулерді жұмсарту мүмкіндігі туралы пікір білдірді.

а
Фото: Бас прокуратура

Министрдің айтуынша, ведомствоаралық комиссияға мал басын есептейтін шектеуді 5 000 бастан 500 басқа дейін төмендету туралы хат жолданған. Бұл толық циклмен жұмыс істейтін ет комбинаттарына қатысты.

— Қазір комиссия отырысының нәтижесін күтіп отырмыз. Нәтиже шыққан соң фермерлерге толық ақпарат беріледі, — деді Айдарбек Сапаров Қазақстан Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында.

Егер комиссия оң шешім қабылдаса, шектеулер отырыс өткеннен кейін 10-15 күн ішінде жұмсартылуы мүмкін. 

Бұған дейін министр елдегі ет бағасы қанша болуы керек деген сұраққа жауап берген еді

Соңғы жаңалықтар
Референдум