05:01, 15 Мамыр 2012 | GMT +5
Сильвестр Сталлоне бейнесі ежелгі фрескадан табылды
АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Энтони Зенфрелл есімді америкалық студент Ватикандағы Апостол сарайындағы Рафаэльдің салған фрескаларынан Сильвестер Сталлоненің бейнесін көріп қайран қалды, деп жазады BAQ.KZ.

The Daily Mail-дың жазуынша, 20 жасар студент бұл жайтқа жанұясымен Италия мен Ватиканға демалып, саяхаттауға келгенде куә болыпты. Энтониге бұл ұқсастық туралы немерелес туысқаны айтқан көрінеді. Осыдан соң ол Апостол сарайына барып, кереметті көзімен көріп қайтқан.
Ол түсірген суреттерін сапардан орала салысымен интернетке жариялаған. Фотолардың танымалдылығы артқаны сонша, көрушілердің саны бір айда 700 мыңға жетіпті.
"Кардинал и Библейские Добродетели" фрескасын Рафаэлло Санти 1511 жылы жасаған. Дегенмен, Рафаэль тек эскиздерді жасап, фресканың өзін оның көмекшісі жасаған деген болжам да бар.