Сильвио Берлускони дүйсенбіден бастап жұмысқа шығады

АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат - Италияның премьер-министрі Сильвио Берлускони жұмысқа кірісуге даяр екендігін және оның көңіл-күйінің жақсарғанын мәлімдеді.
None
None

Оның айтуынша, ол өз міндеттерін орындауға 2010 жылғы қаңтардың 11-інен яғни дүйсенбіден бастап кіріседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Премьер өзінің ағымдағы басты міндеті - қаржы министрі Джулио Тремонтимен бірлесіп жүзеге асыратын - итальяндық салық салу жүйесін реформалауды даярлау деп біледі. Сонымен қатар, Берлускони таяу уақыттары Италияның заңнамалары мен конституциясын реформалауды әзірлеуге кірісетінін атады.

Соңғы жаңалықтар