Биатлоннан Еуропа чемпионаты: қазақстандықтардың спринттегі нәтижесі

АСТАНА.KAZINFORM — Шушенде (Норвегия) биатлоннан Еуропа чемпионаты жалғасып жатыр.

биатлон
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, турнир аясында ерлер арасында спринт жарысы өтті. Қазақстандық спортшылардың нәтижесі төмендегідей:

- Александр Мухин - 42-орын

- Вадим Куралес - 78-орын

- Кирилл Бауэр - 83-орын

- Никита Акимов - 95-орын

- Иван Дарьин - 104-орын

- Егор Гребенщиков - 116-орын

Франция өкілі Дамьен Леве жеңіске жетті. Норвегиялық Исак Фрей екінші нәтиже көрсетті. Ал франциялық биатлоншы Гаэтан Патюрель үшінші болып мәреге жетті.

Соңғы жаңалықтар