Сингапур парламенті таратылды

АСТАНА. KAZINFORM — 3 мамырда Сингапурде парламент сайлауы өтеді, деп хабарлайды CNA.

сингапур
Фото: VCG

Сейсенбі күні, 15 сәуірде Сингапур президенті Тарман Шанмугаратнам парламентті таратты. Жаңа кандидаттарды ұсыну мерзімі 23 сәуірге белгіленді.

Алдағы парламент сайлауы алғаш рет былтыр мамыр айында қызметіне кіріскен премьер-министр Лоуренс Вонгтың басшылығымен өткізіледі. Сонымен қатар 2024 жылдың желтоқсанында ол «Халықтық іс-қимыл партиясының» (People’s Action Party) бас хатшысы болып тағайындалған еді. 

2024 жылдың мамыр айында Лоуренс Вонг Сингапурдың жаңа премьер-министрі атанды. Оған дейін бұл қызметті 20 жыл бойы Ли Сянь Лун атқарып келді. Осылайша ол ел тәуелсіздік алғалы бері төртінші көшбасшы болды.

Еске салсақ, бұған дейін Мәжіліс Сингапурмен сауданы күшейтуге арналған заңды қабылдағаны анықталды.

Сонымен қатар, Сенат Сингапурмен арадағы алыс-берістің баж салығын жеңілдететін заңды мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар