Синоптиктер: Қазақстанда жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер 20-22 қыркүйек аралығында Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Синоптиктер: Қазақстанда жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді

«Бірнеше күнге жалғасқан жылы және құрғақ ауа райынан кейін республиканың солтүстік облыстарына атмосфералық фронттармен циклон келетін болады. Сондықтан, алдағы үш тәулікте солтүстік, сондай-ақ орталық облыстардың кей жерлерінде жаңбыр жауып, 22 қыркүйекте қатты жауын-шашын болуы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Циклонмен байланысты суық ауа ағындарының ықпалымен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында күн күркіреп, жаңбыр жауады. Сондай-ақ, ауа температурасы осы кезеңдегі қалыпты температурадан 2...4°С төмен болады.