Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Синоптиктер Нұр-Сұлтан мен өзге 5 өңірде ескерту жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК ауа райының нашарлауына байланысты 30 маусым күнге бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктер Нұр-Сұлтан мен өзге 5 өңірде ескерту жариялады

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде тәулік бойы найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл болжанады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-18 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында күндіз солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады.

Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ болжанады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі.