Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Синоптиктердің болжауынша, СҚО-да ақпан айында ауа температурасы қалыпты жағдайын сақтайды

ПЕТРОПАВЛ. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Синоптиктердің болжауынша, Солтүстік Қазақстанда ақпан айында облыс аумағы бойынша ауа температурасы көп жылдық болжамдарға сәйкес қалыпты жағдайда болады деп күтілуде.

Синоптиктердің болжауынша, СҚО-да ақпан айында ауа температурасы қалыпты жағдайын сақтайды

Облыстық гидрометеоорталықтың мәліметінше, ақпан айының алғашқы онкүндігінде СҚО-да ауа температурасы түнде 18-23 градус аяздан 8-13 градус аязға дейін, ал күндіз 10-15 градус аяз, кей жерлерде -20 градустан 3-8 градус салқындыққа дейін жоғарылайды. Алайда алғашқы онкүндіктің соңында ауа райының көрсеткіші 23-28 градус аяз, кейбір жерлерде 33 градусқа дейін, ал күндіз 14-19 градус аязға дейін түседі.

Екінші онкүндікте түнде 23-28 градус, кей жерлерде 33 градусқа дейін аяз тұрып, күндіз 14-19 градус шамасындағы суықтықты көрсетеді. 14-15 ақпан күндері ауа температурасы түнде 14-19 градусқа дейін суытады, ал күндіз 5-10 градус нөлден төмен болады, ал 18-19 ақпан күндері аяздың тағы да түскендігі байқалып, түнде 18-23 градус суық, күндіз 13-18 градус суық болады деп болжануда, кей жерлерде ауа температурасы тіпті 3 градус қана суықтықты көрсетеді деп болжанған.

Ал үшінші онкүндіктің жартысында ауа температурасы 28-33 градус аралығында аяз болады, кей жерлерде 38 градустық қатты аяз болады деп болжануда, ал күндіз 14-19 градус, кей жерлерде 24 градус аяз болады. Одан кейін ауа температурасы тағы да суытып, түнде 17-22, кей жерлерде 27 градус, күндіз 7-12 градус аяз болады деп күтіліп отыр.