Синтетика есірткі сақтады деп айыпталған атыраулықтан тапанша мен пышақ табылды

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырауда 21 жастағы жігіт синтетикалық есірткі тасымалдау күдігімен ұсталды. Тексеру кезінде күдіктіден есірткі орамалары, тапанша мен жиналмалы пышақ тәркіленді.

есірткі
Фото: Атырау облысы ПД

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, күдіктінің синтетикалық есірткіні сатуға дайындап қойғаны анықталған. 

«Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткіні сақтады деген күдікпен 21 жастағы атыраулықты ұстады. Тінту, айғақ заттарды тексеру кезінде күдіктіден Retay маркалы тапанша, жиналмалы пышақ табылды. Күдіктінің Атырау қаласының аумағында синтетикалык есірткіні жасырған бірнеше мекен-жай анықталды. Сатуға дайындалған есірткі орамалары тәркіленді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

пышақ
Фото: Атырау облысы ПД

Қазір 21 жастағы күдікті қамауға алынды.

«Сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда көрші өңір тұрғындарынан есірткі мен тапанша тәркіленгенін хабарлаған едік. 

Сондай-ақ, БҚО мен Ақмола облысының тұрғыны Атырауда есірткіні тығып сатпақ ​​​​​​болған.

Соңғы жаңалықтар