Сирек кадр: Науырзым қорығында сілеусін фототұзаққа түсіп қалды
АСТАНА. KAZINFORM – Науырзым мемлекеттік табиғи қорығындағы фототұзақтардың бірі сілеусінді түсіріп алды.
Сілеусін сақ жүретін жыртқыш болғандықтан, оны табиғатта көру оңай емес. Көбіне оның жүргенін ізінен ғана байқауға болады. Ал бұл жолы қорықтың жасырын тұрғыны камераға анық түскен.
Мұндай кадрлар Науырзым табиғатындағы тіршілік біз байқамаған сәттерде де өз ырғағымен жалғасып жатқанын көрсетеді.
Сілеусін кадрда. Ал орманда әлі қанша көзге көрінбейтін тіршілік бар…
«Көлсай көлдерінде» таутекелер бейнежазбаға түсіп қалғанын жазған едік.
Сонымен қатар Шарын паркінде ерекше түсті қарақұйрық видеоға түсіп қалды.