Катонқарағай табиғи паркінде сирек кездесетін құс фототұзаққа түсіп қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде сирек кездесетін Алтай ұлары камераға түсіп қалды. 

ұлар
Фото: видеодан алынған скрин

Қазақстанның Қызыл Кітабына енген бұл сұлу құс Катонқарағай ұлттық паркінің теңіз деңгейінен 2000-3500 метр биіктіктегі тік жартастардың маңында мекендейді. 

Оның қауырсыны таудың сұр және қоңыр тастарына толықтай камуфляж болуға бейімделген. Бұл оның жыртқыштардан жасырынуына көмектеседі.

Олар қыстың аязы мен қалың қарына қарамастан, төменге түспей, тастағы мүктер мен тау өсімдіктерінің тамырларымен қоректеніп, биікте қыстайды.

Айта кетелік Қарағанды облысында Қызыл кітапқа енген арқар фототұзаққа түсіп қалған еді

 

Соңғы жаңалықтар