14:31, 17 Қаңтар 2009 | GMT +5
Сирек және жерде сирек кездесетін металдар бойынша пайдалы қазбаларға өндіру салығының ставкалары бекітілді - Үкімет қаулысы
АСТАНА. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Сирек және жерде сирек кездесетін металдар бойынша пайдалы қазбаларға өндіру салығының ставкаларын бекіту туралы» қаулыға қол қойды,
ҚазАқпарат қаулының мәтінімен таныстырады. ***Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2008 жылғы 31 желтоқсан № 1323 Астана, Үкімет ҮйіСирек және жерде сирек кездесетін металдар бойынша пайдалы қазбаларға өндіру салығының ставкаларын бекіту туралы
?Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы? Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 339-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1.Қоса беріліп отырған сирек және жерде сирек кездесетін металдар бойынша пайдалы қазбаларға өндіру салығының ставкалары бекітілсін.
2.Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1323 қаулысының қосымшасы Сирек және жерде сирек кездесетін металдар бойынша пайдалы қазбаларға өндіру салығының ставкалары1.Сирек металдар: литий, бериллий, тантал, стронций - 7,7 пайыз
2.Жерде сирек кездесетін металдар: празеодим, неодим, прометий, самарий, европий, гадолиний, тербий, диспрозий, гольмий, эрбий, тулий, иттербий, лютеций, иттрий - 6,0 пайыз