Астанада қысқы ойын-сауық: қайда барып көңіл көтеруге болады

АСТАНА. KAZINFORM — Астананың 6 ауданындағы 34-тен аса локацияда мұздан жасалған сырғанақтар, мұз айдындары, түрлі-түсті фотоаймақтар мен ерекше шағын сәулеттік формалар орнатылып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Сырғанақтар, мұз айдындары және жаңа жыл шыршалары
Фото: Астана әкімдігі

Елордада балалар мен ересектердің қысқы демалысын қызықты әрі денсаулыққа пайдалы ету бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Жалпы қала бойынша 57 сырғанақ пен мұз айдыны пайдалануға берілді.

Сарыарқа ауданында 12 сырғанақ пен 4 мұз айдыны жабдықталған. Қалалық алаңда үлкен сырғанақ пен мұз айдыны орнатылып, мерекелік фотосуреттерге арналған тақырыптық фотоаймақтар мен шынайы шырша қойылған.

Сырғанақтар, мұз айдындары және жаңа жыл шыршалары
Фото: Астана әкімдігі

Бөгенбай батыр даңғылы, 43 мекенжайындағы гүлзарда ортасында үлкен шыршасы бар мұз айдыны ашылды. «Көктал» саябағында әртүрлі жас санатына арналған екі сырғанақ пен жаппай сырғанауға арналған үлкен мұз айдыны бар. Ал А.Герцен мен Оқжетпес көшелерінің қиылысында сырғанақ орнатылған. 

Байқоңыр ауданында негізгі ойын-сауық нысандары «Жастар» сарайының аумағында (Республика даңғылы, 34) орналасқан. Мұнда мұз айдыны, сырғанақ пен жаңа жылдық шырша қойылған. Ж.Тәшенев көшесіндегі Ататүрік атындағы саябақта да мұз айдыны мен сырғанақ бар.

Сырғанақтар, мұз айдындары және жаңа жыл шыршалары
Фото: Астана әкімдігі

Абай даңғылындағы «Қаламгерлер аллеясында» сырғанақ, шыршалар, жаңа жылдық инсталляциялар мен шағын сәулеттік формалар орнатылған. Сондай-ақ Өндіріс тұрғын алабында (Ақбидай мен Кемеңгерұлы көшелерінің қиылысы), Өзен көшесінде (Өзен көшесі мен Жезкиік тұйығы), Кірпішті тұрғын алабында (Чехоев пен Жолымбет көшелерінің қиылысы) мұз айдындары мен сырғанақтар ашылды. 

Сырғанақтар, мұз айдындары және жаңа жыл шыршалары
Фото: Астана әкімдігі

Есіл ауданында қысқы серуеннің басты орталығы дәстүрлі түрде ЭКСПО аумағы болып отыр. Мұнда мұз айдыны, сырғанақ және мерекелік шырша қойылған. Сонымен қатар Пригородный тұрғын алабында және «Бағыстан» тұрғын кешенінде де сырғанақтар бар.

Сырғанақтар, мұз айдындары және жаңа жыл шыршалары
Фото: Астана әкімдігі

Жаңа жылдық шыршалар Түркістан көшесі жағындағы Ботаникалық бақта, Қазақ радиосы көшесінің бойында, сондай-ақ Достық көшесі мен Нұржол бульварының қиылысындағы жаңа скверде орнатылған.

Сырғанақтар, мұз айдындары және жаңа жыл шыршалары
Фото: Астана әкімдігі

«Жетісу» саябағында сырғанақ пен шырша бар, ал «Пригородный» тұрғын алабында сырғанақ тұрғындардың игілігіне берілген. 

Сырғанақтар, мұз айдындары және жаңа жыл шыршалары
Фото: Астана әкімдігі

Алматы ауданында қысқы демалысқа арналған бірнеше орын ұйымдастырылған. «Sana» спорт кешенінің артындағы Ақбұлақ өзенінің жағалауында мұз айдыны мен сырғанақ жұмыс істейді. «Жерұйық» саябағында да мұз айдыны мен сырғанақ бар. Сонымен қатар Теміржолшылар тұрғын алабында және Қошқарбаев көшесі, 80/1 мекенжайында сырғанақтар орнатылған.

Сырғанақтар, мұз айдындары және жаңа жыл шыршалары
Фото: Астана әкімдігі

Сарайшық ауданында сырғанақтар, мұз айдындары мен әртүрлі биіктіктегі шыршалар «Қазақ Елі» алаңында, Президент саябағында, Жұмысшы мамандықтары аллеясында және «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы аумағында орналастырылған. Промышленный, Отау, Интернационалды, Мичурино және Күйгенжар тұрғын алаптарында да мұз сырғанақтары мен шағын сәулеттік формалар орнатылған.

Сырғанақтар, мұз айдындары және жаңа жыл шыршалары
Фото: Астана әкімдігі

Нұра ауданында тақырыптық шағын сәулеттік формалар қойылып, фотоаймақтар безендірілген.

Сырғанақтар, мұз айдындары және жаңа жыл шыршалары
Фото: Астана әкімдігі

Сондай-ақ төрт мұз айдыны жұмыс істейді: ұзындығы 213 метр болатын шеңберлі мұз айдыны Орталық саябақта, «Астана-Арена» стадионы аумағында, «Ғашықтар» саябағында және Үркер тұрғын алабында. 

Сырғанақтар, мұз айдындары және жаңа жыл шыршалары
Фото: Астана әкімдігі

Бұдан бөлек, Орталық саябақта, «Бухарест» саябағында, «Астана-Арена» аумағында және Үркер тұрғын алабында төрт мұз сырғанағы бар.

Бұдан бұрын Астана орталығында жылына неше марафон өткізуге рұқсат берілетіні айтылды.

Соңғы жаңалықтар