Сирия процесінің кезекті отырысында қандай мәселелер талқыланады - Айбек Смадияров

АСТАНА. ҚазАқпарат – Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Айбек Смадияров елордада өтетін Сирия процесінің кезекті отырысында қандай мәселелер көтерілетін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сирия процесінің кезекті отырысында қандай мәселелер талқыланады - Айбек Смадияров

Бұл туралы ол сыртқы істер ведомствосында журналистермен болған брифингте мәлім.

«22-23 қарашада Астана қаласында «Астана форматында» Сирия бойынша жоғары деңгейдегі кезекті 19-шы Халықаралық кездесу өтеді. Кездесуге кепілгер елдер: Иран, Ресей және Түркия делегациялары. Сондай-ақ, оған Сирия үкіметі мен қарулы оппозициясының өкілдері қатысады. Байқаушы ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, Иордания, Ирак пен Ливан өкілдері қатысуы мүмкін», - деді министрліктің ресми өкілі.

Айбек Смадияровтың мәлімдеуінше, келіссөздер барысында тараптар мына мәселелерді талқылайды:

- Сириядағы жағдай, оның ішінде гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық ахуал;

- Саяси процесті кешенді ілгерілету;

- Сенім шаралары, оның ішінде кепілге алынғандарды босату және із-түзсіз жоғалғандарды іздеу;

- Біріккен ұлттар қауіпсіздік кеңесінің 2642 қарарына сәйкес, Сирияны қайта қалпына келтіру және сириялық босқындарды отанына қайтару үшін жағдай жасау мақсатында халықаралық қаумдастықтың күш-жігерін жұмылдыру;

Бұдан бөлек, келіссөздер шеңберінде кепілгер елдердің БҰҰ-мен және халықаралық «Қызыл крест» комитетінің мәжбүрлеп ұсталып отырған тұлғалар бойынша жұмыс тобының отырысы өтпек.